Адами капитал

Астанада «Жас сарапшы-2014» байқауы қорытындыланды – ҰЭМ

Астана қаласында қазақстандық жоғарғы оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардың студенттері арасында ғылыми-зерттеу және талдау қызметтерін ынталандыру бойынша «Жас сарапшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады ведомство.
Казахстан24 Қазан , 18:57

«Байқаудың мақсаты – дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, ҚР жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін арттыру, студенттерді мамандықтар бойынша пәндерді терең зерделеуге ынталандыру», - делінген хабарламада.

«ЖАС САРАПШЫ-2014» күздің басында жарияланған болатын, 30 қыркүйекке дейін студенттер экономикалық тақырыптағы эсселерін және өздері туралы ақпаратты жіберді. Жастар мынадай тақырыптарда өздерінің ойларымен бөлісті:   Қазақстан-2050; Қазақстанда еңбек нарығын дамытудың мәселелері мен болашағы; сервистік экономика; ауыл аумақтарын тұрақты дамыту; ҚР шекаралас аумақтары – экономикалық өсу межелері ретінде.

Барлығы байқауға республикамыздың 40 ЖОО-дан 220 жуық сұранымдар келіп түсті. Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша 30 қатысушы таңдап алынды. 

Кейстерді үздік орындап шыққан 10 студент елордаға әңгімелесуге шақырылды. Конкурстық комиссия әңгімелесудің қорытындысы бойынша үш жүлдегерді іріктеп алды.    


 




Яндекс.Метрика