Инфрақұрылымның дамуы

2014 жылы Қарағанды облысында тұрғын үйлерді жөндеуге 844 млн теңге бөлінді

2014 жылы Қарағанды облысында тұрғын үйлерді жөндеуге 844 млн теңге бөлінді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 16:32

«Қарағанды облысының тұрғын үй қоры 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 107 615 тұрғын үйді  құрады, (көлемі 27,4 млн.кв.м.), оның ішінде, 8126 көппәтерлі тұрғын үйлер (көлемі 15,8 млн.кв.м), олардың: 5 739 үйлер – қанағаттанарлық жағдайда (9,8 млн.м2, 62%); 2 387 үйлер – жөндеуді қажет етеді (5,9 млн.м2, 38%)», - деді ол.

Ағымдағы жылы Республика қорынан 844,5 млн. тенге Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Балқаш, Саран, Абай ауданының Абай қалаларындағы 39 тұрғын үйді жөндеуге бөлінді.

«Әділет органдарында 4359 кондоминиум нысандары тіркелген, ол тұрғын үйлердің жалпы санының 53,6% құрайды.50 тұрғын үйді жөндеу нақты жоспарлануда.Ол тұрғындардын жасалған жұмыс пен қарастырылған жұмыс түрлеріне бас тартуына байланысты»,- деді Н.Әбдібеков.

Жөндеу бойынша жұмыстар барлық үйлерде жүргізілуде, 9 үйде жөндеу аяқталды.Бөлінген қаражаттарды игеру қазіргі уақытта 551,43 млн.теңгені немесе 65,3% құрайды.

Индира Қауметова 




Яндекс.Метрика