Халықаралық интеграция

Мәскеуде ТМД елдерінің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

2014 жылғы 22-23 қазан күндері Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ТМД қатысушыларының – мемлекеттердің атқарушы билік органдары өкілдерінің мәжілісі (бұдан әрі – Мәжіліс) болып өтті. Шараға Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев қатысты.
Әлемде24 Қазан , 17:18

 Мәжіліске Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Украинаның, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасының (бақылаушы ретінде) уәкілетті өкілдері қатысты.

Қатысушылар екі күн бойы бірқатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда көпжақты ынтымақтастықтың жаңа шарттық-құқықтық базасын жасау, ГЛОНАСС жүйесінің сигналын пайдаланатын жерүсті инфрақұрылымын интеграциялау, ТМД қатысушы-мемлекеттерді Ғарыш және ірі апаттар жөніндегі халықаралық хартияға біріктіру мәселелерін және төтенше жағдайларды ғарыштан мониторингілеудің мемлекетаралық жүйесін жасау мәселесін қарастырды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Екі күндік Мәжілістің қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қойды.




Яндекс.Метрика