Өңірлер

2014 жылы Қарағанды облысында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 7 млрд теңге бөлінді

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 2014 жылы 7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Абдібеков мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 15:40

«Осы жылы мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша 7,0 млрд.теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 3,2 млрд.теңге, мал шаруашылығы бойынша 3,8 млрд.теңге, 1 қыркүйектегі жағдайға сәйкес 14 бағдарлама бойынша 4,7 млрд.теңге игерілді», - деп сендірді әкім.

Әбдібековтың айтуынша, қаражаттар субсидия түрінде көктемгі дала жұмыстарын және астық жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар майға, қосалқы бөлшектерге және басқа да материалдық құндылықтарға кеткен шығынның орнын өтеуге, мал шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайтуға және сатылып алынатын асыл тұқымды малдардың құнын арзандатуға бағытталды.

Сонымен қатар, аймақ башысы, Облыстың агроөнеркәсіп кешенінде, 52,3 млрд.теңге болатын 2161 жұмыс орнын ашумен  АӨК 46 инвестициялық жобасы  жүзеге асырылып жатқанын жән оның ішінде жалпы құны 27 млрд.теңге болатын 1316 жұмыс орнының ашылуымен 18 инвестициялық жоба индустрияландыру картасына енгізілгенін тілге тиек етті.

«Индустрияландыру картасына енгізілген 18 жобаның - 9 жобасы 6,2 млрд.теңгеге қолданысқа енгізілді және жалпы құны 20,8 млрд.болатын 710 жұмыс орнының ашылуымен 9 жоба жүзеге асырылады, - деп атап өтті әкім.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика