Өңірлер

Қарағанды облысының ауылшаруашылық өнімінің көлемі 100 млрд теңгеден асты – Әбдібеков

2014 жылдың 9 айында Қарағанды облысы ауыл шаруашылық өнімі көлемі 100 млрд теңгеден асты. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде облыс әкімі айтты.
Нұр-Сұлтан 24 Қазан, 15:33

«Жыл басынан  ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 100,8 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады. Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі байқалып отыр, сонымен қатар құс басы мен мал басы өсті», - деді әкім.

Оның айтуынша, шаруашылықтардың барлық санаттарымен 84,1 мың тонна ет, 298,5 мың тонна сүт және 459,0 млн. дана жұмыртқа. Сонымен қатар Қарағанды облысында сүттің жалпы көлемінің 63 пайызы және өндірілген еттің жалпы көлемінің 57,2 пайызы үй шаруашылығының үлесіне келеді.

Ірі қара мал басы 5,4 пайызға өсті (475,8 мың бас), оның ішінде  сиыр басы 7,5 пайызға өсті (239,8 мың бас), қой мен ешкі 1,5  пайызға өсті (1232,7 мың бас), жылқы 10,2 пайызға артты (235,2 мың бас), шошқа 14,5 пайызға өсті (88,7 мың бас), құс 1,7 пайызға өсті (3874,4 мың бас).

Ет өндірісінің экспорттық әлеуетін ары қарай арттыру мақсатында 2014 жылы 1 мың бас шетелдік селекциялы малдарды әкелу, 2,5 мың басқа мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланып отыр.

Биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2871 бас сиыр және 126 бас өндіруші-бұқа сатылып алынды, 532 бас шетелдік селекциялы мал басы әкелінді.

 Индира Қауметова

 





Яндекс.Метрика