Өңірлер

Субсидиялау бағдарламасы аясында 2200 ауылшаруашылық техникасы арзандатылды – ҚазАгро

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында 2143 дана ауылшаруашылық техникасы арзандатылды, деп хабарлады холдинг.
Казахстан24 Қазан , 16:03

«Құны арзандатылған техниканың ішінде 1093 трактор, 544 комбайн, 152 сығымдау-іріктеуіш, 146 дестелегіш, 99 құрама әмбебап аспалар, 74 сепкіш, 34 егін егу кешені, 21 тиегіш, 13 тырма және ауылшаруашылық өндірісіне арналған өзге де техника мен құрал-жабдық бар», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салар болсақ, 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы биыл екінші рет іске асырылуда. Бұл қолдау шарасы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қолданысқа енгізілген.

Субсидиялау бағдарламасына меншік түріне қарамастан ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және/немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде фермерлік/шаруа қожалықтары, сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін сату, тасымалдау, сақтау, дайындау бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

 

 




Яндекс.Метрика