ҚР ИИДМБ

Алматыда 28 индустриалды-инновациялық жоба жүзеге асырылуда-әкімдік

Алматы қаласы бойынша индустриализация Карт асына 28 индустриалды - инновациялық жоба енген. Олардың жалпы сомасы 531 млрд. теңге.Бұл туралы Инвестиция және даму жөніндегі министрлік өнеркәсіп, туризм, көлік және инвестиция тарту салаларын дамыту бойынша бірлескен жұмыс Жоспарын әзірлеу барысында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Алматы қаласы24 Қазан , 16:18

«Жоғарытехнологиялы сала жедел қарқынмен өсіп келеді. Мысалы, машина жасау 120,8%, химия өнеркәсібі 127,9%, электр қондырғыларын өндіру 220%, мебель өнеркәсібі 174,1%. Алматы қаласы бойынша индустриализация Карт асына 28 индустриалды - инновациялық жоба енген. Олардың жалпы сомасы 531 млрд. теңге, құрылыс жүрген кезеңде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, ал пайдалануға берілген кезде 5 мың жұмыс орны ашылады», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Инвестиция және даму жөніндегі министр ортақ Жоспардың басты мақсаты Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру екендігін жеткізді.

Инвестиция және даму жөніндегі министрлік жұмыс ауқымының кеңдігін, соның ішінде жол құрылысын да қолға алу қажеттігін айтты. Осы орайда жиынға қатысушылар автомобиль жолдарын салу мен дамытуды сөз етті.

Жолдардың көлік өткізу қабілетін арттыру мақссаында 2012 жылы Алматы қаласы мен Көлік және коммуникация министрлігі арасында Меморандумға қол қойылған болатын. Мұнда бес бағыттағы жолды күрделі жөндеуден өткізу көрсетілген, олар: Алматы - Бішкек, Қаскелең - Шамалған, Алматы - Қапшағай, Алматы - Хоргос, Алматы - Талғар.

Алматы әкімі қаланың Меморандумда көрсетілген өз бөлігін толық орындағанын, негізі көлік магистральдерінің жасалғандығын, мегаполистің сыртқы шекарасына дейін жөндеу жұмыстарының, басқа да инфрақұрылымдардың атқарылғандығын, жол айрықтарының жасалғандығын айтты.

 




Яндекс.Метрика