ҚР ИИДМБ

Алматы әкімдігі мен ИДМ қаланың өндіріс орындарын ынталандыру Жоспарын жасады

Бүгін Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму жөніндегі министрлік өнеркәсіп, туризм, көлік және инвестиция тарту салаларын дамыту бойынша бірлескен жұмыс Жоспарын жасады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы24 Қазан , 19:11

«Жоспарда кәсіпорындарға қолдау көрсету, энергиялық тиімділікті арттыру, МҮИИД (ГПФИИР) аясында жоспарларды жүзеге асыру, инвестиция тарту, туризм, көлік саларын дамыту қарастырылған», - делінген хабарламада.

Қала басшысы биыл үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік жоспардың алғашқы бесжылдығы аяқталатындығын, екінші бесжылдыққа дайындықтың басталғанын айтты.

Аталған жоспар басталғаннан бері қарай, 2010 жылдан бастап Алматыда өңдеуші өндіріс орындары тұрақты дамуда. Мысалы, 2013 жылы аталған сала бойынша нақтылы өсім 2008 жылмен салыстырғанда 151%-ды құрады.

Өз кезегінде Инвестиция және даму жөніндегі министр ортақ Жоспардың басты мақсаты Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру екендігін жеткізді.

Әсет Исекешев бұл мәселенің дұрыс шешілетінін және оны Инвестиция және даму жөніндегі министрлік өз бақылауына алатындығын айтты.

 




Яндекс.Метрика