Білім беру

ҚазҰТУ-де инженерлік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80-жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «ХХІ ғасырдағы инженерлік білім және ғылым: проблемалары мен келешегі» атты Халықаралық форумы өтті, деп хабарлады БҒМ.
Алматы қаласы24 Қазан , 15:03

«Форум мақсаты – «Қазақстан – 2050» Стратегиясының және Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру аясында ХХІ ғасырда заманауи инженерлік білім мен ғылымды дамыту бойынша тұжырымдамалық көзқарастарды қалыптастыру болып табылады», - делінген хабарламада.

Пленарлық баяндамалар мен секция отырыстарында  бәсекеге қабілетті инженер кадрларды даярлау және ХХІ ғасырдағы қатерлерге қарсы тұру аясында өндірістік мұнай-газ және тау-кен металлургия, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар секторларына, нано - және ғарыштық технологиялар, агломерация, көлік, дәстүрлі және альтернативті энергетикаға бағытталған инновацияларды іске асыруға арналған мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде университеттің өз тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басқанын, яғни Қазақстандағы алғашқы техникалық зерттеу университеті болып қайта құрылмақ екенін атап өтті. Назарбаев университеті тәжірибесін негізге ала отырып, білім, ғылым және инновация тәрізді 3 басты бағытты біріктіруді жүзеге асыру қажет, деп атап өтті    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

 




Яндекс.Метрика