Адами капитал

Адам капиталының дамуы қоғам үшін маңызды – Әбдіқалықова (ФОТО)

Бүгін ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы лекцияда адам капиталының дамуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы.
Нұр-Сұлтан 24 Қазан, 14:32

«ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы» тақырыбында ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың лекциясы өтті. Өз сөзінде Г.Әбдіқалықова адам капиталының қоғамдағы маңыздылығы, оның дамуына қандай факторлардың әсер ететіні, адам капиталын дамытудан қандай әсер болатыны мен оның жинақталу деңгейінің қалайша көрініс табатыны туралы айтты», - делінген хабарламада.

Үкімет басшысының орынбасары заманның қазіргі жаһандық мәселелерінен де айналып өткен жоқ. Ондағы Қазақстанның алдынан шығуы мүмкін қауіптер туралы мәлімдеп, әлеуметтік саланы жаңғыртудың қазіргі кезеңіндегі ҚР Үкіметінің стратегиялық жұмыстарына тоқталды.

Академияның хабарлауынша, зейнетақы жүйесінің жаңа моделі туралы ақпарат беріліп, оның үш құрылымнан тұратыны тілге тиек етілген. Атап айтар болсақ, ол базалық зейнетақы, сақтандыру зейнетақысы және жинақтаушы зейнетақы.

«Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты міндеттемелері зейнетақы төлемін қамтамасыз ету, жүйедегі зейнетақы көлемі мен айлық жалақы көлемін анықтауға қатысуға мүмкіндік беру, сонымен қатар зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен ел экономикасына зейнетақы жүйесінің жүктелу деңгейін қолға алу», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Г.Әбдіқалықованың сөзіне сүйенсек, 2050 жылға дейінгі елдің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне бағытталған жаңа экономикалық курс отандық денсаулық сақтау саласының дамыған елдердің стандарттарына жетелеуді талап етеді. Денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың басты шараларының бірі оның тиімділігін арттыру мен медицинаның тұрақты түрде ғылыми-технологиялық дамуы, елдің қартайюы мен әлеуметтік деңгейінің артуы секілді жаһандық үрдістер кезінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Шарада Г.Әбдіқалықова «Кәсіпқор» Холдингі жобалары үлгісінде сапалы техникалық және кәсіптік дайындық мәселесін де әңгімеге арқау етті. Аталмыш мәселе аясында Астана мен Алматыда әлемдік деңгейлдегі екі колледж салынып, солардың тәжірибесі алдағы уақытта республиканың өзге де өңірлеріне тарайтынын мәлімдеді.





Яндекс.Метрика