Шағын және орта бизнесті дамыту

2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жобаларына бөлінген субсидия 2,5 есеге өскен

Үстіміздегі жылы елімізде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген субсидия 2,5 есеге дейін өскен, деп хабарлайды ҚР Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан23 Қыркүйек , 10:45

«Өткен жылы несиеге бөлінген субсидия 10 млрд теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 24 млрд теңгеге жеткен», - делінген хабарламада.

Жалпы, бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2861 жобаға 642 млрд теңге бөлінген. 204 жоба 21 млрд теңгеге кепілдендірілген.

Қаржыландыру көлемінің өсуін 2012 жылғы Үкіметтің «Даму» Қоры мен әкімдіктер бірлесе отырып қаржылай қолдау алатын жобалардың көбеюін жұмыс істеуімен байланыстырады. Егер 2011 жылы 741 жоба субсидия алса, 2012 жылы субсидияға қол жеткізген жобалардың саны 2067-ны құрады.

Сонымен қатар, ағымдағы  жылдың тек бірінші жартыжылдығында 621 жоба мақұлданып, құны 2 млрд теңгені құрайтын 247 жобаға субсидия беретін құжатқа қол қойылмаған.

Айта кету керек, әкімдіктердің жобаларды мақұлдауы қаржыландыруға берілген сомадан аспауы керек. Алайда, келіп түскен жобалардың көптігінен кей әкімдіктер берілген мөлшерден асып отыр.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика