Қалаларға шоғырлану

Қазақстанның 13 әуежайындағы ұшу-қону жолақтары қайта жаңғыртылады-ИДМ

18 әуежайдың 13-індегі ұшу-қону жолақтары (ҰҚЖ) реконструкцияланды. Келесі айда Орал қаласындағы және бір ҰҚЖ-ның жөндеуі аяқталады.Бұл туралы ұшу қауіпсіздігі мәселелеріне арналған Алматыда өткен жиналыста ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Алматы қаласы24 Қазан , 13:31

 ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев үкіметтің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлетіндігін атап өтті.

ИДМ-нің басшысы жиналысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде: «Қоғам азаматтық авиациядан осыған сай жұмыс нәтижесін талап етуге хақылы. Сондықтан да біз бәріміз ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға жұмылуымыз және бұл үшін барынша күш салуымыз қажет», – деді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылғы сәуірден бастап Air Astana авиакомпаниясынан Еуропаға ұшудың шектеулері алынып тасталды.

Ағымдағы жылдың жазында Қазақстан ИКАО аудитінің әуе кемелерін сертификаттау үдерісіне қатысты 2 маңызды ескертпесінің 1-ін жойған болатын. Сонымен қатар, келесі жылы авиакомпанияларды сертификаттауға қатысты қалған елеулі ескертпені жою жоспарлануда.

Авиациялық қауіпсіздікті арттыру жөнінде бірқатар шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, әңгіме арқауы әуежайларды техникалық бақылаудың  заманауи құралдарымен жабдықтау, персоналды оқыту, терроризмге қарсы тұрудың қорғаныс шараларына қатысты болып отыр.

«Азаматтық авиацияны кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, 2014 жылы Алматыдағы ИКАО-ның Қосалқы өңірлік Оқу орталығында 240 адам дайындықтан өтті.2014 жылы өңірлік оқу орталығы ашылған болатын, онда жыл сайын шамамен 500 маманның біліктілігін арттыру жоспарлануда», - деді ол.

Жалпы 2015 жылы қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропа Одағы елдеріне ұшуға қойылған шектеулерін алып тастау жоспарлануда; 2018 жылға дейін барлық ҰҚЖ-н реконструкциялауды аяқтау; 2017 жылға дейін ішкі рейстердің санын 50%-ға, ал халықаралық рейстерді 1,5 есеге арттыру көзделуде.             

 




Яндекс.Метрика