Өңірлер

Қарағанды облысында жыл соңына дейін «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Осы жылдың соңына дейін «Қолжетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, ол өз кезегінде 2600 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Абдібеков мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 12:04

 «Өңір экономикасының маңызды құрамының бір бөлігі құрылыс саласы. Тұрғын үй құрылысына 20,7 млрд теңге инвестицияланды, бұл 2013 жылдан 1,5 есе көп. Жыл басынан бері  260 мың шаршы метр тұрғын үй салынды немесе жоспардың орындалуы 123% көрсетті. Биылғы  жылдың соңына дейін «Қолжетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі,  ол өз кезегінде 2600 отбасының тұрғын үй жағдайын жақстартуға септігін тигізеді», - деп мәлімдеді әкім.

Сонымен қатар, Н. Әбдібековтың айтуынша, аймақта 14 білім нысанының құрылысы  мен қайта құру жұмыстары жүргізілуде, ал, Приозерск қаласындағы 400 орынға есептелген өнер және спорт мектебінің құрылысы аяқталуға таяп қалды.

«Жыл соңына дейін 7 білім нысанының құрылысы аяқталады, оның 4-уі бала бақша,  600 балаға есептелген жалғыз мектеп, 200 балаға арналған кәсіптік техникалық лицей және оның 100 орынға есептелген жатаханасы, тағы бір бала бақшаға жапсарластыра салу жұмыстары бар»,- деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ әкім атап өткендей, балаларды мекетепке дейінгі біліммен қамтамаыз ету 87,3% құрады.

«Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын шешу үшін біз келер жылдан бастап жыл сайын үш балабақша тұрғызу мәселесін қолға алмақшымыз. Осылайша бұл мәселе күн тәртібінен түбегейлі алып тасталынады», - деп түйді Н. Әбдібеков.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика