ҚР ИИДМБ

2014 жылдың соңына дейін Қарағанды облысында 6 жаңа өндіріс ошағы ашылады

2014 жылдың соңына дейін Қарағанды облысында 6 жаңа өндіріс ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 11:56

«Жыл басынан бері 4 жаңа өндіріс ашылды. Келер жылға дейін тағы 6 өндірісті іске қоспақшымыз. Осылайша 2014 жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы саны 10 жоба жүзеге асырылады», - дейді әкім.

Оның айтуынша, «Сарыарқа» ЕЭА аумағында 2 зауыт іске қосылды. Үшіншісі жыл соңына дейін ашылады.

Сонымен қатар, әкім 80 инвестициялық жобаның қазіргі таңда облыста 55-інің іске асырылғанын еске салды.

«Жобалар жыл сайын шамамен 50 млрд теңгенің өнімін өндіреді. Соның ішінде бүгінгі таңда 37 жоба жоспарлы қуаттылыққа шықса, 15-і осы көрсеткіштің 50 пайызы деңгейінде жұмыс істеуде», - дейді. 

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика