Өңірлер

Қарағанды облысында БЖК бағдарламасы аясында 2014 жылы 90-ға жуық жоба мақұлданды

Қарағанды облысында «Бизнестің жол кратасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы жалпы құны 10 млрд. теңгеден асып жығалатын 90-ға жуық жоба мақұлданды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Абдібеков мәлім етті.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 11:47

«Егер шағын және орта бизнес  туралы айтатын болсақ, бүгінде бізде кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің толыққанды инфрақұрылымы жұмыс істейді. Олар қаржы институты, бизнеске қолдау көрсету орталықтары. Жалпы, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы нәтижелірек болды. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде жалпы құны 10 млрд. теңгеден асып жығалатын 87 жоба мақұлданды», - деп мәлімдеді әкім. 

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, оның аясында 2000-нан астам жұмыс орны сақталып, тағы 1000-ға жуық жаңасы ашылды.

«Бюджетке 400 млн теңге түсті, бағдарламаға 10 мыңнан астам кәсіпкер қатыстырылды. Институттарда өз білімін 8 мың адам жетілдірсе, ШОБ субектірелінің 2,5-мыңнан астамына қолдау көрсетілді», - деп түйді Қарағанды облысының әкімі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика