Адами капитал

Павлодар облысында денсаулық сақтау саласына 24 млрд теңге бөлінді

Облыста денсаулықты сақтау саласын қаржыландыру 24,2 млрд. теңгеге жетті, деп мәлімдеді облыстың бас экономисі Талғат Шәріпов.
Павлодар24 Қазан , 14:48

Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының мәліметінше, осы жылғы денсаулықты сақтау саласын қаржыландыру 24,2 млрд. теңгеге жетті. Облыста мына үш көрсеткіш бойынша өлім-жітімнің азайғаны байқалады: қан айналымы жүйесі ауруы - 23,1%-ға, туберкулез - 35,3%-ға, онкологиялық ауру – 1,4%-ға, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын іске асырылған. 3-пен 6 жас арасындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайыз (жоспар бойынша – 99,9%), 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 71,6%-ды құрайды», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика