Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында ветеринарлық дәріхана ашылды

Қорғалжын ауданының тұрғыны Ж.Қаратаева «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млн теңге несие алып, ветеринарлық дәріхана ашты.
Ақмола24 Қазан , 12:18

Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, бастауыш кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер сертификатын алды.

«Жергілікті тұрғындар өте қуанышты. Қолдағы төрт түлікке қажетті кез келген дәрі-дәрмекті осы жерден табуға болады. Мемлекеттің қолдауына мың алғыс. Енді мен өзім осы кәсіпті ары қарай дөңгелетіп әкетсем деймін», - дейді кәсіпкер.

Айта кету керек, бұл өңірде қолға алынып жатқан игі шаралардың бірі ғана.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты «Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу арқылы жұмыс орындарын ашу» бойынша 50 адам оқуға жіберілді. Қазіргі таңда соның 41-і 107,5 млн теңге көлемінде шағын несие алды», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, мал шаруашылығы, жол бойы асханаларын ашу, сүт пен қымыз өндіру, жолаушылар тасымалы, монша ашу, пеноблок өндірісі, жүк тасымалы, ТЖО, сервистік орталық секілді кәсіп түрлерін ашуға аталмыш несиелер берілуде.




Яндекс.Метрика