Халықаралық интеграция

Лондонда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери саланың ынтымақтастығы талқыланды

Лондонда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұлыбритания Қарулы Күштері Қорғаныс штабының бастығы генерал Николас Хаутонмен кездесті, деп хабарлады ведомство.
Әлемде24 Қазан , 13:02

«Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары шеңберінде өткен кездесу барысында әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Бітімгерлік даярлық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты генерал-полковник С. Жасұзақов британия тарапына «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуын өткізуге жәрдемдескені және оған тұрақты түрде қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді. Биыл аталған далалық оқу-жаттығу Қазақстаннан тыс жерде, Германияның «Хоэнфелс» оқу орталығында өткізілді.

С. Жасұзақов сапар шеңберінде арнайы мақсаттағы күштердің «Кембрий патрулі» халықаралық оқу-жаттығуына барды.

160-шы Уэль бригадасының базасында өтіп жатқан жаттығуға қазақстандық әскери қызметшілер де қатысуда.  




Яндекс.Метрика