Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ҚР-ның прокурорлары 3 мыңнан астам органдар құптаған заңсыз қылмыстық қуалаушылықтың басын ашты

Қазақстанда 2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың жартыжылдығы бойынша органдар заңсыз жүзеге асырған 3110 қылмыстық қуалаушылық ты прокурорлар әшкереледі. Сонымен қатар, 189 қылмыстық іс қозғалған, деп ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан23 Қыркүйек , 10:35

«2012 жыл мен 2013 жылдың жартыжылдығы бойынша 3110 заңсыз қарарларды органдар мақұлдағанын және 189 заңсыз қылмыстық іс қозғалғандығын  прокурорлар әшкереледі. 1311 тұлға қылмыстық органдардың мекемесінен босатылды. Осы орайда прокурорлар 62 қылмыстық іс қозғады», - деп хабарламада нақтыланған.

Атап өтілгендей, қылмыстық органдар 855 тұлғаның құқығын бұзған. Оның 104-і заңсыз түрде тұтқындалған. 209 заңсыз қамауға алынса, 372 адам қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған. 66 адамға байланысты оң шешімдер шықты.   

Жалпы, 2012-2013 жылдар бойынша құқық қорғау органының 804 қызметкері  конституциялық құқық бұзушылыққа жол берген.

Айта кетейік, Прокуратура әрбір құқық қорғау органында тұлғалар құқығының сақталуын қадағалайтын  комиссияны құруды ұсынып отыр.  

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика