ҚР ИИДМБ

Павлодар облысында жыл соңына дейін индустрияландыру картасының 8 жобасы жүзеге асырылады

Бірінші жартыжылдықта өнеркәсіп саласы да жақсы қарқынмен дамуда. 9 ай ішінде облыс кәсіпорындары 788,8 млрд. теңгенің тауарын өндірді. Бұл туралы 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырыста облыстың бас экономисі Талғат Шәріпов мәлімдеді.
Павлодар24 Қазан , 12:48

«Облыста 37,2 млрд. теңге инвестиция көлемі мен 828 жұмыс орны бар Индустрияландыру картасының 8 жобасын іске асыру жалғасуда. Жобаларды іске қосу үстіміздегі жылғы қараша-желтоқсан айларына жоспарлануда. Сарапшылық бағалау нәтижесі бойынша осы жобаларды қолданысқа енгізу 2014 жылғы өнеркәсіптік өндірістің ФКИ-не қосымша 0,3% бермек», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кеңес соңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына экономиканы дамытуда өнеркәсіптік емес секторға ставка жасауды, тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру жұмысын белсендіруді, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауды жүктеді.

«Келер жылы металл құны өседі немесе электр энергиясы мен металл өндірісі артады деген перспективалар жоқ. Бұған ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан өнеркәсіптік өндіріс қарқынын өз деңгейінде қолдай отыра, экономиканың өнеркәсіптік емес секторына басымдылық жасауымыз керек, - деді Қ. Бозымбаев.

 

 




Яндекс.Метрика