Павлодар облысында ЖӨӨ көлемі 707 млрд теңгені құрады – әкімдік

Павлодар облысында 2014 жылғы І жартыжылдығында ІӨӨ көлемі 707,6 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар24 Қазан , 11:18

Облыстың бас экономисі Талғат Шәріповтің айтуынша, осы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың ішкі өңірлік өнімінің даму көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 7,6%-ды құраған. 2014 жылғы І жартыжылдығында ЖӨӨ көлемі 707,6 млрд. теңгеге жетті. Осы көрсеткіш нәтижесінде біздің облысымыз республика бойынша оныншы орынға жайғасты.

«Аймақта шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 0,5%-ға өскен. Инвестициялық қызметте де оң серпін байқалады. Тоғыз ай ішінде облыстың негізгі капиталына 204,4 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өткен жылғы деңгейдің 114,1%-ына тең», - делінген хабарламада.

Өңірдің басты әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері арасында кірістердің өсуі мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру бар. Павлодарлықтардың бір адамға шаққандағы орташа табысы 10,2%-ға, ал өңір бойынша орташа айлық еңбекақы 8,7%-ға артқан. 2014 жылғы ІІ тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеп, 4,8 пайызды құрады.




Яндекс.Метрика