Өңірлер

Қызылордалықтар Астанадағы азық-түлік жәрмеңкесіне 30-ға жуық өнім түрін әкеледі

Сенбі күні қызылордалықтар Астана қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді. Жалпы құны 72 млн. теңгені құрайтын 30-ға жуық өнім түрін әкеледі.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 19:43

«15 ауыр салмақты жүк көлігімен Сыр дихандары 440 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін нарық бағасынан 20 пайыз арзан бағада сатпақ.  Жәрмеңкеде  көпке танымал ақмаржан күріші, Аралдың балығы, Сыр қауыны, одан бөлек ет және көкөніс  өнімдері болады. Сондай-ақ, Астана жұртшылығына көтеріңкі көңіл–күй сыйлау үшін  қызылордалық өнерпаздары өнер көрсететін болады», - деп хабарлады облыс әкімдігі. 




Яндекс.Метрика