Адами капитал

ҚР ІІМ вице-министрі Қызылорда құтқарушыларына 13 көліктің кілтін табыстады

Қызылордада құтқарушылар күніне орай сала қызметкерлеріне салтанатты түрде автокөлік кілттері табысталды.
Қызылорда 24 Қазан, 10:17

«Шарада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко құтқарушыларға 13 арнайы жасақталған көлік, құтқару құралдарының 8 жиынтығын табыстады. Бұл техникаларды алуға облыстық бюджеттен 311 млн. теңге қаржы жұмсалған», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

 «Соңғы жылда  аймағымызда төтенше жағдай 19 пайызға азайса, зардап

шегушілер 44,9 пайызға төмендеп отыр. Сондай-ақ, Сырдария өзені бойында 26 қауіпті аймақ бар. Көктемгі сең жүру кезінде бұл аумақтардың қауіпсіздігін сақтау үшін облыстық бюджеттен 703 млн. теңге қаржыны қазірден бөліп қойдық. Бүгін табысталып отырған жаңа көліктер жазатайым оқиғалардан зардап шегушілердің қатарын азайтуға септігін тигізсін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.   





Яндекс.Метрика