Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Астанада «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы бойынша халықаралық конференция өтеді

Қыркүйектің 30-ы Астанада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен біріге отырып «Жасыл өткел» және «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрме» әріптестік бағдарламасы жайында халықаралық конференция өткізеді, деп хабарлайды Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан23 Қыркүйек , 10:20

Шараға Еуроодақ, Орталық Азия және өзге де алыс-жақын шет елдердің табиғатты қорғау ведомства басшылары, халықаралық ұйымдар мен жеке компаниялардың өкілдері,

Қазақстанның мемлекеттік органдары және де экологиялық қауіпсіздік пен экологиялық тазаэнергия, «жасыл» өсім жөніндегі халықаралық сарапшылар қатысты.

Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы «жасылдар» партиясын басқарған НФР-ның бұрынғы сыртқы істер министрі және вице-канцлері Йошки Фишер,Қоршаған орта департаменті және ЭСКАТО даму директоры, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квонг Чунга (Тайланд), PwC климаттың өзгеруі қызметінің директоры Ричард Гледхилл  мен (Ұлыбритания), Антропогендік  әсер ету кезінде жер мен қоршаған ортаны қолдану жөніндегі Институттың  директоры, профессор Сурен Эркман (Швейцария), БҰҰ ЕЭК су конфессиясын қолдану комитеті төрағасының орынбасары Сағит Ибатуллин, Қолданбалы жүйелі анализ Институтының директоры Небохс Накиченович (Австрия), Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрі, Құрғаған жерлер жаһандық коалициясының кеңесінің мүшесі Мигель Моратинос және т.б. қонақтар қатысты.

Конференция барысында елдердің табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде жасыл модернизацияға көшу, жаңартылған энергия көздерін дамыту, ауыл шаруашылығы, климаттың  өзгеруі және соған бейімделу мәселелері сөз болмақ.

«Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы бойынша құжаттарға қол қойылмақ.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика