Білім беру

Мемлекет басшысы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ні 80 жылдығымен құттықтады

Алматыда Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық Техникалық Университетінің 80 жылдық мерейлі жасы мерекеленді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы24 Қазан , 09:16

Мерейлі шараға ҚР білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, жоғары оқу орынының ұжымы, студенттер, Қазақстандағы елшілік миссияларының басшылары және басқалары қатысты.

Мегаполис басшысы Елбасының құттықтау хатын оқып берді.

«Өткен жылдар ішінде университет республиканың жетекші жоғары оқу орнына айналып, кәсіби техникалық мамандар даярлаудың «ұстаханасы» болуда. Оқу орнының ғылыми және зерттеу орталығы ретінде беделі жоғары, өзінің қалыптасқан дәстүрімен, мықты профессорлық, оқытушылық құрамымен мақтана алады. Мерейлі жылдар ішінде 100 мыңнан астам инженер даярланды, олар отандық ірі өндіріс саласына өз үлестерін қосуда», - делінген жеделхатта.

Өз кезегінде ҚР-ының білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов жоғары оқу орнының индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыруда білімді кадрлар даярлап жатқандығын жеткізді.

«Жоғары оқу орнының Қазақстандағы тұңғыш техникалық зертттеуші университет болып қайта қалыптасуы білім синтезін, ғылым мен инновацияны жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының өнідірістің алдыңғы шебінде еңбек ететін жоғары білімді инженерлер дайындауды қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін», - деді білім ведомствасының басшысы.

ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділов тау-кен институтынан жоғары мәртебеге ие Ұлттық Университетке айналудың қаншалықты құрмет екендігін жеткізді.

«Біздің мақтанышымыз әрі байлағымыз - ұшып шыққан түлектеріміз. Олардың арасында 24 генерал, 6 Совет Одағының Батыры және басқалары бар. Түлектеріміз - геологтар, металлургтер, мұнайшылар, энергетиктер қоғамдағы ортақ іске үлес қосуда», - деді ҚазҰТУ ректоры.

Мерейлі шара соңы университет ұжымының мерекелік концертімен аяқталды.

 




Яндекс.Метрика