Өңірлер

Ақтауда тауарларды электронды декларациялауға көшіру мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында өткен дөңгелек үстел барысында тауарларды толықтай электронды декларациялауға көшіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыстың мемлекеттік табыс департаменті.
Маңғыстау24 Қазан , 09:32

«Қазіргі таңда қолға алынып жатқан отандық кедендік қызметтерді жаңғырту елдің экономикалық қауіпсіздігінің барлық қырын, халықаралық стандарттар, үздік халықаралық тәжірибеге сай жаңа әдістер мен технологияларды дайындау мен енгізу, ақпаратты-коммуникациялық технологияны жаңғырту мен дамыту қызметтеріне сәйкестігін талдауды қамтиды. Басты міндеттемелердің бірі тауарларды толықтай электронды декларацияла мен қағазсыз кедендік рәсімдеуге өту болып табылады», - делінген хабарламада.

МКД қызметкерлері электронды декларациялау процесімен бизнесмендерге кезең-кезеңімен кеңес беріп, электронды сандық қолды алу тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Кеденшілердің айтуынша, бұрын экспортты электронды декларациялаудың сынақ шаралары сәтті өткен, енді осы нормаларды толықтай тәжірибеге енгізуге деген қажеттілік бар. Осылайша кедендік рәсімдер қағазбастылықтан арылып, біржола электронды рәсімдеуге өтпек.

«Бағдарламаның іске асырылуымен бизнесті жүргізуге қолайлы орта қалыптасып, сауда жасау жеңілдеп, кедендік әкімшілік жетілдіріледі, тауарларды кедендік тазарту уақыты қысқартылады және осылардың нәтижесінде кедендік қызмет сапасы жақсармақ», - деп хабарлайды департамент.

Сонымен қатар, тараптар кедендік операция мен кедендік бақылауды жетілдіру тәжірибелеріне қатысты жекелеген мәселелерге тоқталып, алдағы уақыттағы өзара байланысты дамыту жөнінде аз-кем әңгімелесті. 




Яндекс.Метрика