Халықаралық интеграция

Штутгартта Қазақстанның Экономика күні өтті

Баден-Вюртемберг Федералдық жерінің астанасы Штутгарт қаласында «Қазақстанның даму стратегиясы-2050: Қазақстандық экономиканың индустрализациясы шеңберінде шикізат, өнеркәсіп және технологиялық серіктестіктің жайы мен даму болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Экономика күні өтті.
Әлемде24 Қазан , 09:02

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның Германиядағы Елшілігі және Баден-Вюртемберг Федералдық жерінің Үкіметі мен Германияның экономикасының шығыс комитетінің қолдауымен Қазақстанның Штутгарттағы Құрметті Консулдығы болды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Іс-шараға Германияның 100-ден астам ресми, экономикалық, іскер және сараптамалық тобының өкілдері қатысты. Қазақстан жағындағы делегацияны Қазақстанның инвестиция және даму Министрлігінің жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов бастады.

Қазақстан инвестициясының елеулі өсуін германдық компаниялар ерекше бағалап, елдің дүниежүзілік экономикаға кең ықпалдастығына көңіл аударды.

«Қазақстандық тарапы өз кезегінде іс-шараға қатысушыларды Елбасының Қазақстан халқына қаңтар айында жасаған Жолдауының негізгі мәселелерімен таныстырып, 2012 жылғы қол қойылған келісім негізінде екі жақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына тоқталды. Аталған құжат негізінде екі елдің арасында өндірістің барлық салаларында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту үшін эксклюзивтік шарттар жасалғаны айтылды», - делінген хабарламада.

Подиумдық дискуссияда алқалы жиын форум шеңберінде айтылған келісім негізінде көрсетілген нақты жобаларды талқылады және өткізілген геологиялық зерттеулер негізінде осы бағытта келешекте де ынтымақтастықты одан әрі дамытып, алдағы қадамдарын айқындай түсті.




Яндекс.Метрика