Өңірлер

ОҚО-да Жекешелендіру бағдарламасы бойынша 2 ұйымның мемлекеттік үлесі жүзеге асты – әкімдік

ОҚО-да Жекешелендіру бағдарламасы бойынша 2014 жылы жекешелендірілуі тиіс 6 ұйымның ішінде «Техникалық инспекция» ЖШС мемлекеттік үлесінің 51 пайызы, «Сәулет және қала құрылысы» ЖШС мемлекеттік үлесінің 50 пайызы сатылды, деп хабарлайды әкімдік.
Оңтүстік Қазақстан23 Қазан , 19:24

«ОҚО-да Жекешелендіру бағдарламасы бойынша 2014 жылы жекешелендірілуі тиіс 6 ұйымның ішінде «Техникалық инспекция» ЖШС мемлекеттік үлесінің  51 пайызы, «Сәулет және қала құрылысы» ЖШС мемлекеттік үлесінің  50 пайызы сатылды. Қалған 4 ұйым кестеге сай биылғы жылдың соңында аталмыш шараны қолға алмақ. Соның ішінде екеуі электронды бәссаудаға шығарылса, екеуі коммерциялық тендерге тартылады», - дейді облыстық қаржы басқармасы басшысның міндетін атқарушы Исмайылбек Шалабаев.

Әкімдіктің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қатысуымен коммуналдық меншіктегі 28 ұйым мен заңды тұлға және «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ құрамына кіретін 5 ұйым жекешелендірілмек. Солардың арасында 2014 жылы 6 ұйым, 2015 жылы 8 ұйым, 2016 жылы 14 ұйым бәсекелестік ортаға берілмек. Жекешелендірудің екінші толқыны аясында республика бойынша квазимемлекеттік сектордағы 782 ұйым жекешелендірілетін болады. Сонымен қатар, 380 ұйым қайта ұйымдастырылады немесе жабылады. Барлық нысандар электронды сауда арқылы сатылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 11 қазанындағы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында жекешелендірудің екінші толқыны аясында квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру туралы тапсырма берілді.




Яндекс.Метрика