Басқару

2014 жылғы Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 17:29

«ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин отырыстың маңыздылығын атап айтты, өйткені оның қорытындысында ең лайықты жұмыстар бірқатар номинациялар бойынша лауреаттарды бекіту үшін Мемлекет басшысына ұсынылады», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік сыйлықтан үміткерлерден барлығы 29 жұмыс келіп түскен, соның 11-і екінші кезеңге өтті.

Комиссия мүшелері Мемлекет басшысына ұсынылатын үміткерлерді құпия дауыс беру арқылы анықтады. Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.




Яндекс.Метрика