Инвестициялар

Қазақстан мен Жапония көтермелеу және инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойды

Бүгін Астанада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысы болып өтті,деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 17:51

«Қазақстан Жапонияны индустриалды-инновациялық саясат аясындағы басымдылық берілетін инвестор ел ретінде  қарайды. Айталық, биылғы жылы Қазақстан 10 елге, оның ішінде  Жапония үшін де біржақты тәртіппен визасыз режим енгізді», - деді ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.

Кездесу барысында тараптар екіжақты, әсіресе инновациялар және өнеркәсіп саласындағы,байланыстарды дамыту және нығайтудың қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, жұмыстың жаңа бағыттары және екі елдің бірлескен жобалары талқыланды.

Үкіметаралық комиссияның отырысы аясында көтермелеу және инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстанда жапондық жетекші компаниялардың жобалары жүзеге асырылды, оның ішінде «Сумитомо» (сирек кездесетін металдар), «Тойота» (автомобиль жасау), «Тошиба» бар. «Иточу» (Тау-кен металлургия кешені), «Мицуи» (химия, жаңа технологиялар), «Марубени» (мұнай технологиясы) және екі логистикалық компанияның жобаларын іске асыру жалғастырылуда. Жапондық компаниялардың көбісі Қазақстанға индустрияландыруды жүзеге асырудың алғашқы бесжылдығы кезеңінде келген болатын.

Бүгінгі келіссөздер барысында медицина, ақпараттандыру және телекоммуникация, металлургия, автоөнеркәсіп және басқа салалардағы бұдан былайғы  ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Бүгінгі күнге Қазақстан мен Жапонияның арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. доллардан асты. Жапонияның Қазақстанға салған инвестиция көлемі 4  млрд. долларға жетті.

 




Яндекс.Метрика