Өңірлер

ОҚО-да 50 млн теңгенің мүлігі жария етілді -әкімдік

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық әкімдіктердің жанындағы жария ету комиссияларына 113 өтініш келіп түссе, оның ішінде 11 азаматтың құны 50,0 млн теңге болатын мүлігі заңдастырылды, деп хабарлады әкімдіктен.
Оңтүстік Қазақстан23 Қазан , 18:24

Облыстық қаржы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Исмайылбек Шалабаевтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында жария ету науқаны Заң шеңберінде жүзеге асырылуда. Бүгінде облыстың тұрғындарынан 113 өтініш келіп түссе, оның ішінде 11 азаматтың  құны 50,0 млн теңге болатын мүлігі заңдастырылды.

«Мүлікті жария ету мемлекетке де, халыққа да бірдей тиімді. Мемлекет үшін ол көлеңкелі экономика үлесінің төмендеуі,  азаматтар үшін ешқандай айыппұлсыз мүлкін жария ету. Сонымен қатар, бұл ауқымды шара алдағы уақытта енгілітен мүлікті және табысты декларациялауға дайындық», - деп атап өтті И. Шалабаев.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда Жария ету науқаны басталды, ол 2015 жылдың 31 желтоқсанынн дейін жалғасатын болады.




Яндекс.Метрика