ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбеде этномәдени орталық жастарының қатысуымен «Ана тілім — ардағым» байқауы өтті

Облыстық Достық үйінде этномәдени орталық жастарының қатысуымен «Ана тілім — ардағым» тақырыпта байқау өткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе23 Қазан , 19:38

«Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстық Достық үйінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараның мақсаты — өзге ұлт жастарының мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру һәм тіл мәдениетін дамыту», - делінген хабарламада.

 Сайыстың шарты бойынша онда 18-35 жас аралығындағы қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері бақ сынасты. Байқау 5 кезеңнен, яғни сәлемдесу, шығарма жазу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу және өз өнерін көрсетуден тұрды.

Сонымен, қазылар алқасының ұйғарымымен I орынды «Вяра» этномәдени орталығының өкілі Федор Бошков жеңіп алды. Ал одан кейінгі жүлделі орындарды «Әзербайжандар ассоциациясының» мүшесі Сахават Асадов пен Мәртөк ауданына қарасты неміс этномәдени орталығынан келген Наталья Трибустар өзара бөлісті. Жеңімпаз бен жүлдегерлер, сондай-ақ, қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.




Яндекс.Метрика