Өңірлер

Ұсақ құқық бұзушылықтың тіркелуі 2,5 есеге азайды – Бас прокуратура

Бас прокуратура ішкі істер органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтарды толық тіркеу және қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру жайына тексеру жүргізді, деп хабарлады ведомство.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 18:54

Тексеру анықтағандай, халықтың қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне қатысу белсенділігі артып отыр, алайда ішкі істер органдарының азаматтардың арыздарын қарауының бүгінгі жағдайы «нөлдік төзімділік» саясатын қажетті деңгейде жүргізіліп отыр деуге келмейді.

Ағымдағы жылың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ұсақ құқық бұзушылықты тіркеу динамикасы былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,5 есе  азайған.

Прокурорлардың тексеру қорытындысы бойынша белгіленген тәртіпте  тіркелмеген және кінәлі адамдарға әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылмаған 42 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

«Алкагольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас болып жүру фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері анық та даусыз бола тұра, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмастан азаматтар ішкі істер органдарына әкелініп, кейбір жағдайларда Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарына орналастырылған», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс жолданды.

 




Яндекс.Метрика