EXPO-2017

Дамушы елдердің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы үшін шамамен 70 млн еуро тартылмақ

Дамушы елдердің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы үшін шамамен 70 млн еуро тартылмақ, деп мәлімдеді бүгін Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астанадағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 16:33

«ЭКСПО көрмесіне дамушы елдердің қатысуына басымдылық береміз. Олар халықаралық қауымдастықтың жартысынан көбін құрайды. Бұрынғы ЭКСПО көрмелерінде де негізінен дамушы елдер қатысты», - дейді В.Лоссерталес.

Оның айтуынша, дамушы елдердің белсенділігі анау айтқандай жоғары деңгейде емес.

«Астанада жоспарға қатысу мен дайындау шарттарын бірлесе дайындауға түрлі өңірлермен кездесу ұйымдастырылады. Осы арқылы олар шамамен 68 млн еуро көлемінде ірі қаражат инвестицияламақ. Бұл мемлекеттердің қажетті деңгейде қатысуы тұрғысынан өте маңызды», - дейді В.Лоссерталес.

Қалған қатысушылардың өз беттерімен қатысу үшін қаражат төлеуі керек және белгілі бір деңгейде ереже бар. «Біздің осынау шараларға дамушы елдердің барынша белсенді қатысуы керек, ЭКСПО олар үшін қосымша мүмкіндік бермек», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Болашақтың энергиясы: СО2 қалдықтарын азайту» халықаралық форумы ашылды. Ол ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңындағы негізгі тақырыптық шаралардың бірі.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика