Халықаралық интеграция

Астанадағы конференцияда Орталық Азия мен АТА дамуы талқыланады

Астанада Екінші еуразиялық аймақтану оқулары шеңберінде «Орталық Азия және АТА: өзара әрекеттесудің жаңа көкжиектері» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді, деп хабарлады Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 17:18

«Конференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Германия, Болгария, Швеция, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттерден сексеннен астам ғалымдар қатысады деп күтілуде»-, делінген хабарламада.                                           

Еске тұтары, аталмыш іс-шара былтыр өткізілген Бірінші Еуразиялық Аймақтану Оқуларының логикалық жалғасы: ерекшелігі – қарастырылып отырған мәселемен айналысушы шетелдік мамандарды тарту.

Бұл ретте Ханкук университетінің профессоры Сангчел Ким, Ресей Ғылым Академиясы Қиыр Шығыс Институтының директоры  Михаил Титаренко, қызметкері В.Е. Петровский және Грециядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің үшінші хатшысы Олжан Искаковтың ой-пікірлері ерекше маңыздылыққа ие болады деп күтілуде.  

Сондай-ақ жас зерттеушілер пікірлерінің   маңыздылығы ескеріле                                                                                                             отырып, оларға  диалог құру алаңын ұсыну мақсатында ұйымдастырушылар магистранттар мен студенттер, докторанттар және жас оқытушылар үшін арнайы секция жұмысын ұйымдастыратын болады.      

Конференция өткізудің екінші күніне «Көкше» Академиясы жанындағы бейбітшілік, қақтығыстар және медиация Институтының көмегімен «Орталық Азиядағы қақтығыстар мен қауіпсіздік» атты дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 




Яндекс.Метрика