Халықаралық интеграция

АҚШ Конгрессмені Қазақстанмен ынтымақтастық орнатудың әлеуетін жоғары бағалады - СІМ

Пенсильвания штатының конгрессмені Джо Питтс пен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Қайрат Омаров кездесті. Кездесу барысында конгресмен өз штатының Қазақстан аймақтарымен ауыл шаруашылығы мен машина жасау салаларында тығыз жұмыс істей алатын мүмкіндіктерін жоғары бағалады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде23 Қазан , 16:48

«Сапар барысында Қ. Омаровтың Джо Питтспен екі жақты кездесуі өтті және сұхбат барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыланды. Осы орайда, АҚШ конгрессмені Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту бойынша Елбасының бастамалары жөнінде және "Қазақстан-2050" Стратегиясының шеңберіндегі жоспарлармен таныстырылды», - делінген хабарламада.

Конгресмен өз штатының Қазақстан аймақтарымен ауыл шаруашылығы мен машина жасау салаларында тығыз жұмыс істей алатын мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, сапар барысында «Сикорский» компаниясының тікұшақ жасау зауытының жұмысымен танысып, Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Кэролин Вандедринкпен кездесу өтті.

 Негізгі мәселелер ретінде Қазақстанда Сикорский ұшу аппараттарын жинау орталығын құру бойынша мәселелерін талқылау мақсатында Астанаға компанияның басшылығының жоспарланып отырған сапарлары талқыланды. Сонымен қатар, компания өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесінде қатысуға өз ниетін білдірді.

 




Яндекс.Метрика