Ұлттың денсаулығы

Көрші елдермен бұқаралық және олимпиадалық спорт түрлері бойынша ынтымақтастық орнату үлкен серпін береді - Мухамедиулы

Бұқаралық спортты дамыту бойынша халықаралық конференция көрші елдермен бұқаралық және олимпиадалық спорт түрлері бойынша ынтымақтастық орнатуда үлкен серпін береді, деп ағынан жарылды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 15:53

««Бұқаралық спортты дамытудың заманауи тенденциясы: проблемалар мен оларды шешу жолдары» конференциясы жетекші ғалымдардың, сарапшылардың басын қосты. Менің ойымша,  ол көрші елдермен бұқаралық және олимпиадалық спорт түрлері бойынша ынтымақтастық орнатуда үлкен серпін береді. Келелі кеңеске қатысушыларға нәтижелі жұмыс тілеймін», - деді ведомсвто басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Бұқаралық спортты дамытудың заманауи тенденциясы: проблемалар мен оларды шешу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Оның жұмысына 300-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары қатысуда.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика