Ұлттың денсаулығы

Дене шынықтыру саласының 300 маманы бұқаралық спортты дамыту туралы конференцияға қатысуда

Бүгін Астанада «Бұқаралық спортты дамытудың заманауи тенденциялары: проблемалары мен шешімдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 15:46

Конференция жұмысына дене шынықтыру және спорт саласының 300 маманы қатысуда. Оның ішінде спорт саласының психологтары, ғалымдар, спорт ұйымдарының өкілдері, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Украинадан келген өкілдер бар.

«Бүгінгі таңда барлық әлемде спорт қауымдастықтары спортты қоғам мен әрбір адамға қолжетімді ету жұмыстарын жүзеге асыруда. Себебі, бұқаралық спорт, спорттың негізі болып есептеледі», - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қатысушылар атап өткендей, қазіргі таңда спорт психологиясы мен заманауи  инновациялық технологияларды қолдану, ғалымдар мен ғылыми мекемелер арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға аса көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ, ғалымдар мен тәжірибешілер зерттеу қорытындысын тәжірибеге енгізу мәселелерін талқылады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика