Парламент

Сенат Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара жанама салықтарды алып тастау туралы келісімді мақұлдады

Қаржы және бюджет комитеті «1999 жылдың 2 ақпанындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорт пен импорт кезіндегі өзара жанама салықтар қағидасы туралы Беларусь Қазақстан Республикасы үкіметі мен Республикасы үкіметі арасындағы келісімнің күшін жою туралы ҚР үкіметі мен БР үкіметі арасыдағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенат отырысына жіберді.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 15:39

«Хаттама 1999 жылы құрылған, ол кезде Кедендік одақ болмаған еді. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімнің күшіне енуіне орай аталмыш хаттаманың барлық нормалары жаңа келісімге енгізілді. Бұл тауар, жұмыс пен қызмет экспорты мен импорты кезіндегі өзара жанама салықтар тәртібі», - дейді ҚР қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев.

Вице-министрдің айтуынша, Кедендік одақ аясында жұмыс істейтін келісім 2011 жылдың 8 қарашасындағы екіжақты келісімде қарастырылған тауар, жұмыс пен қызмет экспорты мен импорты кезіндегі өзара жанама салықтар тәртібін қамтиды. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Қаржы министрліктері тарапынан екіжақты келісімнің күшін жою туралы хаттамаға қол қойылды.

«2012 жылдың 14 тамызында Беларусь тарабы хаттаманың күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік процедураларды орындау туралы ескерту жасады. Заң жобасының қабылдануы әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс әсерлерін тигізбейді және республикалық бюджеттен қаржылық шығын шығармайды», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика