Өңірлер

Ақмола облысында ЖҚЖК жүзеге асыруға 4,5 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 4,5 млрд теңге бөлінді, деп «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.
Ақмола23 Қазан , 16:18

«Аталмыш бағдарламаға 3173 тұрғын қатысты, олардың 131-і мүгедек. Айта кетерлік жайт, жоспар бойынша бір жылда 2793 жұмыспен қамту көзделген болатын», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыста  484 тұрғын білімін жетілдіріп жатса, 319 арнайы оқу курсын тәмәмдады. Ал, әлеуметтік және жастар тәжірибесіне 1758 адам орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы 3 бағыттан тұрады. Алғашқысы инфрақұрылымдар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылғын жетілдіру арқылы жұмыспен қамту болса, екіншісі кәсіпкерлікті және ауылдарды дамыту арқылы жұмыспен қамту, соңғысы қайта оқыту курстары арқылы жұмыспен қамту.




Яндекс.Метрика