Адами капитал

Павлодарлық мектептерге пандус орнату үшін 18 млн теңге бөлінді

Павлодар қаласының мектептерінде мүгедек балаларға арналған пандустар орнату үшін 18 млн теңге бөлінді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Павлодар23 Қазан , 18:39

Арбаға танылған мүгедек балалардың жағдайларын жақсарту, оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу және сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай алу мақсатында қала мектептерінде пандустар орнатылуда.

 «Қазіргі уақытта 39 мектептің пандустарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 18 миллион теңге бөлінді.  Аталған пандустар № 30, 25 және № 16 мектеп-лицейінде орнатылған», - деді  Мүгедектермен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі Тимур Бағжанов.

Осындай пандустардың арқасында балалар мектепке келіп сабақ оқып, өмірге деген қызығушылықтары арта түседі.

«Сабақ кезінде олардың еркін қозғалулары үшін барлық кабинеттер бірінші қабатта орналасқан. Менің ойымша, бұл арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар қоршаған ортаға бейімделіп, өзге балалармен тығыз қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді», - дейді № 16 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Зейнегүл Нұрекенова. 

 




Яндекс.Метрика