Үкімет

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ҰҚКҰ сессиясына қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочиге кетті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымының (ҰҚКҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) кезекті сессиясына қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочиге (Ресей Федерациясы) кетті.
Әлемде23 Қыркүйек , 09:41

Саммит барысында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Армения делегацияларының басшылары ҰҚКҰ одан әрі дамуы мәселелерінің кең ауқымын талқылайды. 

ҰҚК сессиясында ҰҚКҰ мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын нығайту және ұжымдық күштерді басқару бойынша құжаттар пакетіне қол қою жоспарланған. 

Саммит қортындысы бойынша Коммюнике қабылданады деп күтілуде. 




Яндекс.Метрика