EXPO-2017

ЭКСПО көрмесі билеттерінің құны 28 еуроны құрады – Ермегияев (ФОТО)

ЭКСПО көрмесі билеттерінің құны 28 еуроны құрады, бұл туралы баспасөз конференциясында «Астана ЭКСПО-2017»Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 23 Қазан, 13:39

«ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде коммерциялық жұмыстан 283 миллион еуродан астам пайда түседі деп көзделіп отыр. Аталған сомманың 81 пайызын демеушілік пен билет сатудан түсетін ақша құрайды деген жоспар бар. Көрме билеттерінің құны 28 еуроны құрады. Жалпы, адамдар көрмеге 5 миллион рет келіп кетсе, билет сатудан 82 миллион еуродан астам ақша түседі», - деді  Т.Ермегияев.

Ұлттық компанияның басшысы атап өткендей, аз қамтылғандар үшін жеңілдіктер қолданылады.

«Астананың қонақ үй қоры бар. Қатысушылар үшін біз инвестициялық қаржыдан қонақ үйлер тұрғыздық. Егер де отельдер бағаны көтеретін болса, оларға ешкім жүгінбейтін болады. Біз қазір жеңілдіктер беру бойынша олармен меморандум орнатуға мүдделіміз. ЭКСПО аймағында 1300 пәтер салудамыз. Ол қатысушыларға баспана ретінде қолданылады», - деді ол.

Оның айтуынша, демеушілер бойынша жұмыс жасалуда, әр демеушіге жеке бағдарлама дайындалуда. «Негізгі жұмыс келер жылы жүргізіледі. Демеушілермен келісім орнатылады», - деді ол.

Камила Амирова

Суретті түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика