EXPO-2017

2015 жылы 80-нен астам мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды мақұлдауы мүмкін -СІМ

2015 жылы Қазақстан шақыру жолдаған 80-нен астам мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ынта танытады деп күтілуде. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші жиыны аясында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Қазан , 13:29

«2016 жылы 30-35 мемлекетке барып, көрмеге қатысуға шақырамыз», - деп қосты Р.Жошыбаев.

«Біз Мемлекет басшысының атынан 142 елден астам мемлекетке ЭСКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақыру жолдадық. Қазір осы елдердің көрмеге қатысуы бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Мен көрменің комиссары ретінде елдерді көрмеге шақырып, оған қатысуға келісімдер жасау үшін іс-сапарларымды бастадым.

«10 ел ұсынысымызды қабылдады. Келесі жылы көптеген елдер көрмеге қатысуға ниет танытады деп жоспарланып отыр.2015 жылы 80-нен астам мемлекет еліміздің шақыруына жауап беруі тиіс», - дейді Р.Жошыбаев.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші жиыны – Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155 сессиясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу туралы ресми шешім қабылданғаннан кейінгі алғашқы шара. Форумға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, ЭКСПО Комиссары хатшылығының қызметкерлері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми шақыру алған 86 елдің 200-ден астам өкілі қатысуда.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика