ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті

Атырау облысында «Тіл –халық жанын танудың кілті» атты мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атырау23 Қазан , 15:03

 «Атырау облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында «Тіл –халық жанын танудың кілті» олимпиадасын өткізді. Облыстық турға 13 адам қатысты», - делінген баспасөз қызметінің берген хабарламасында.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін ұлғайту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, тіл мәдениетін қалыптастыру, орыстілді жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын артыру.

«Гран при» иегері болып К.Дүбаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті Туранова Нигора атанды. Ол республикалық олимпиадаға жолдама алды», - деп хабарлады әкімдік. 




Яндекс.Метрика