Адами капитал

Петропавлда зейнеткерлерге 16 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді

Петропавлда 2542 зейнеткерге, мүгедектерге, жалғыз өзі тұратындар мен тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға 16 млн 18 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы аудандық және қалалық бірінші ардагерлер ұйымдарының семинар кеңесінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасименова хабарлады.
Солтүстік Қазақстан23 Қазан , 14:47

«Ардагерлердің проблемаларын шешу жолында әкімдік жанынан құрылған кедейшілікті жою және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясы маңызды роль атқарады.  Ағымдағы жылдың өзінде 1000-нан астам азаматқа отын сатып алуға қолдау ретінде 15 млн теңгеден астам қаражат берілді. Біздің ұйымдастырып жүрген шараларымыздың ішінде Қарттар күні мен Жеңіс күніне арналған сенбіліктер үлкен демеу болды. Кәсіпорынның табысының 50% өздерінің зейнеткерлеріне қалса, екінші жартысы қаладағы ардагерлерге көмектесу үшін бөлінетін болды», - деп атап өтті С. Тасименова.

Оның айтуынша, сенбілік қаражаты есебінен 2542 зейнеткерге, мүгедектерге, жалғыз өзі тұратындар мен тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға 16 млн 18 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жалпы, 2013 жылы жүргізілген айлық шеңберінде  қала бойынша кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер 23 мың зейнеткерге 35 млн теңгеге көмек көрсетті.

«Петропавлда 39107 егде жастағы қариялар өмір сүреді. Олардың 170 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектер, 486 тыл еңбеккерлері. 2014 жылдың мамар айында Ардагерлер кеңесі ардагерлер мен мүгедектерді соңғы сапарға шығарып салу барысында 10 мың теңгені материалдық көмек ретінде бөлу туралы шешім қабылдады», - деп әкімдіктен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, Жеңіс күні қарсаңында ардагерлердің есеп шотына 25 мың теңгеден аударылды, ал Сталинград және Курск шайқастарына қатысқандарға 10 мың теңгеден аударылды. 




Яндекс.Метрика