Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Малайзия Қазақстанға келетін әуе рейстерінің көлемін ұлғайтуға мүдделі – СІМ

Малайзия Қазақстанға келетін әуе рейстерінің көлемін ұлғайтуға мүдделі. Бұл туралы Куала-Лумпур қаласында ҚР Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекеновпен кездесу барысында Малайзияның көлік министрінің орынбасары Азиз Каправи мәлімдеді.
Әлемде23 Қазан , 13:02

«Қазақстандық дипломат малайзиялық серіктесіне еліміздің көліктік және транзиттік зор әлеуеті туралы, көлік-логистикалық индустриясын дамыту, түрлі бағыттардағы жер үсті және әуе қатынастарын әртараптандыру бойынша ҚР Үкіметінің іске-асырып жатқан жұмысы туралы баяндап берді. Осы орайда салынып жатқан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» атты халықаралық көлік  дәлізінің мүмкіндіктерін қолдану, сонымен қатар шетелде өндірістік көлік-логистикалық нысандарын салу бойынша Қазақстанның алдағы жоспарлары атап айтылды», - делінген хабарламада.

Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разактың Қазақстан Республикасына жасаған сапары нәтижелеріне сәйкес, Елші Д.Сарекенов Алматы және Куала-Лумпур арасындағы әуе рейстерінің көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластық туралы сөз қозғады.

Көлік министрінің орынбасары малайзия тарапының қазақстандық ұлттық әуе тасығышына екі ел арасындағы жүйелі рейстерінің жиілілігін күнделікті қалыпына дейін арттыруға бар мүмкіндіктерді жасауға дайындығын хабарлады.

Келіссөздер нәтижелері бойынша жақын арада екі елдің авиация ведомстволары деңгейінде жұмыс консультацияларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 




Яндекс.Метрика