Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Батыс Қазақстан облысында жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті

Батыс Қазақстан22 Қыркүйек , 09:00

Аталмыш жәрмеңке  «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы туралы азаматтардың сұрақтарына жауап беру күні» республикалық акция шеңберінде өтті.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бұл партияның мемлекеттік органдармен, халықты жұмыспен қамту құзіретті органдарымен бірігіп өткізілген екінші акция. Шараға ауылшаруашылығы, құрылыс,кондитерлік өнім өндіру салалары бойынша қаладағы 8 кәсіпорын қатысты.

Сонымен қатар, «Талап» АҚ мен «Каспий банкі» де бос жұмыс орындарын ұсынды. Шарада жалпы саны 60 мамандық ұсынылды. Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа кәсіпті игеру бойынша немесе  біліктіліктерін ақылы  түрде арттыруға  ақпарат ала алады. Айта кету керек, бүгінге дейін қала бойынша мың жұмыссыз азамат тіркелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика