Халықаралық интеграция

Магдебург қаласында Қазақстанның Экономика күні өтті –СІМ

Саксония-Ангальт Федералдық жеріннің астанасы Магдебургте «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қазақстандық экономиканы индустрияландыру аясында жаңартпа және жаңа технология саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жайы мен болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Экономика күні өтті.
Әлемде23 Қазан , 10:51

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның Германиядағы Елшілігі мен Фраунгофердің автоматтандыру және машина жасау институтының қолдауымен Магдебург қаласының сауда-өнеркәсіптік палатасы болып табылады, деп хабарлады СІМ.

Экономика күніне ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов басқарған қазақстандық делегация мен Германияның іскер топтарының 100-ден астам өкілдері қатысты.

Неміс тарапынан сөз сөйлегендердің ішінде Саксония-Ангальт Федералдық жерінің Экономика және ғылым министрі Хартмут Мёльринг, Магдебург қаласының бургомистрі (әкім) Рюдигер Кох және Магдебург қаласының сауда-өнеркәсіп Палатасының президенті Клаус Ольбрихт болды.

«Қазақстандық баяндамашылар неміс тарапын Елбасының қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстан-2050» елдің даму стратегиясында белгіленген саясатпен және жаңартпа және жаңа технология саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарымен таныстырды. Соның ішінде соңғы жылдары Қазақстан осы саладағы бастаманы қолдауда және толық инновациялық жүйені құруда бірқатар жүйелі шаралар іске асырғандығы, сонымен қатар елді дамытудың технологиялық жоспарлау жүйесін енгізгендігі туралы аталып өтілді», - делінген хабарламада.

Неміс тарапы өз кезегінде Қазақстан Үкіметінің инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша қабылдаған шаралары арқасында мемелекетте экономиканы және индустриялизацияны табысты түрде жаңартуға қажетті жаңартпа және жаңа технологияны дамытуға қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Олардың пікірінше, аталмыш үрдіске іс жүзінде үлес қосу қазақстандық серіктестермен бірге Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ұйымы іске асырып келе жатқан қазақстандық-германдық Инновациялық диалогқа қарасты.

Сарапшылардың кезекті пікірталасы барысында бірқатар келешегі бар бірлескен жобалар талқыланып, нәтижесінде тараптар Қазақстанда ғылыми-зерттеу орталықтарын дамытудағы ынтымақтастықты кеңейтуге және бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңартуға әзір екендерін растады.




Яндекс.Метрика