Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Қазақстанда 2,8 мың жобаға субсидия бөлінді

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 861 жобаға 21 млрд теңге субсидия бөлінді, деп хабарлайды Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан22 Қыркүйек , 12:31

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінге дейін 2 861 жобаға 642 млрд теңге субсидия бөлінді, 204 жоба 21 млрд теңгеге кепілдендірілді. Өндірістік инфрақұрылым  бойынша 454 кәсіпорынға жалпы құны 95,8 млрд теңге инвестиция құйылған.»,-  деп хабарламада нақтыланған.  

Сонымен қатар,  «Бизнес Кеңесші» бағдарламасының қаржылық емес құралдары бойынша 41мың кәсіпкер тіркелді. Өз кезегінде 24 мың кәсіпкерге 85 мың қызмет көрсетілген.

 «Назарбаев Университетінде» 791 топ-менеджер оқытылды. 1123 кәсіпкер «Іскерлік қарым-қатынас» тренингісінен өтіп, оның 64-і Германияда, 82-сі АҚШ-та  тәжірибелерін шыңдауға жолдама алды.

Ең көп іске асырылған салалар – қайта өңдеу (46), тасымалдау және сақтау (26), ауылшаруашылық, орманшаруашылығы және балық шаруашылығы (7), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (6).

Қайта өңдеу өндірісінің ең көп салалары:  тамақ өнеркәсібі (36%), минералды тағамдар (13%), резеңке және пластикалық өнімдер (7%). Осылайша бағдарламада экономиканы әртараптандыру мен өңдеуші салаларға басымдылық берілген.

Бүгінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы кәсіпакерлікті қолдаудың ең тиімді құралына айналды. Жалпы, бүгінге дейін аталмыш бағдарлама 36 мың кәсіпкермен жұмыс істеген. Нәтижесінде 145 мың жұмыс орны сақталып, жаңадан 40 мың жұмыс орындары ашылған. Бағдарлама аясында жұмыс істейтін кәсіпкерліктерден бюджетке 56 млрд. теңге салық жиналған.

 




Яндекс.Метрика